«Бұл Иса пайғамбардың бейнесі»...
«Бұл Иса пайғамбардың бейнесі»...
4 жыл бұрын 12805 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тегі түрік пен ливандық Омар Сакр (Omar Sakr) есімді ақын Twitter әлеуметтік желісінде шындыққа бір табан жақын келеді-ау деген Иса пайғамбардың бейнесін жариялапты. Бұл бейнені голландық фотограф Бас Утервийк (Bas Uterwijk) жасанды интеллекті көмегімен салған екен. Исаның бұл кескін-келбеті аталған әлеуметтік желіде қызу талас-тартыс тудырды. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Омар Сакр өз кезегінде Иса пайғамбардың ақ нәсілді болмағанын алға тартып отыр. Тіпті, өзінің туыстарына ұқсататынын да жазыпты. Ал @gabbalu деген интернет пайдаланушысы: «Мен өзім католиктер отбасында өстім әрі көзі көкшіл, сары шашты Исаны көріп келдім. Бала кезімде-ақ мұның түбі шикі екенін сезсем де мұның не екенін ұққан жоқ едім»,- деп ағынан ақтарылпты. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі Исаның бұл портреті шындыққа бір табан жақын келетінін жазған екен. Ал қарсы уәж айтушылардың сөзіне келсек, кениялық Габриэл Маунда (Gabriel Maunda) былай жазыпты: «Таяу Шығыстағы адамдардың барлығы бірдей көрінеді деп айту надандықтың нақ өзі. Аймақта түрлі этниканың өкілдері өмір сүреді». Осы жылдың шілде айында Англиядағы Кентербери шіркеуінің архиепископы Джастин Уэлби де (қанша дегенмен дін өкілі ғой) мынадай пікір білдірген еді: «Таяу Шығыстан шыққан Иса ақ нәсілді емес. Мұны есте сақтауымыздың маңызы зор». Естеріңізде шығар, Иса пайғамбардың бет-бейнесіне, түр-тұлғасына қатысты осымен үшінші материал беріп отыр екенбіз сайтымыздың жаңалықтар таспасынан. Қараңыз: «Ағылшын ғалымдары Иса пайғамбардың шынайы түр-тұлғасын анықтады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/madeniet/agylshyn-galymdary-isa-paigambardyn-shynaiy-tur-tulgasyn-anyqtady-9826/#gsc.tab=0), "Криминалист ғалымдар Иса пайғамбардың шынайы бет-бейнесін қалпына келтіре алды" (фото) (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/madeniet/kriminalist-galymdar-isa-paigambardyn-shynaiy-bet-beinesin-qalpyna-keltire-aldy-foto-12940/#gsc.tab=0). Бұл нені аңғартады? Қасиетті Құранда аты аталған ұлы пайғамбарлардың бірінен саналатын Исаның соңғы жылдары бейнесі мен нәсіліне қатысты талас-тартыс өршіп барады, тіпті, бұл тақырып нәсілдік жікшілдік тереңдеген АҚШ секілді елдерде саяси реңк алып түрлі дау-дамайдың өршуіне түрткі болып отыр. Адамның кескін-келбеті мен түр-тұлғасынан бұрын оның артына тастап кеткен мұрасының назардан тыс қалып бара жатқаны қынжылтады. Түрлі азғындық пен арсыздық етек алып бара жатқаны Пайғамбардың өсиетін ұмытқанынан хабар берсе керек.

0 пікір
Мұрағат