Зайырлы мемлекеттер лаңкестікпен күресте мұсылмандарды қашанғы қалқан ете бермек?
Зайырлы мемлекеттер лаңкестікпен күресте мұсылмандарды қашанғы қалқан ете бермек?
7 жыл бұрын 3968 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Филиппинде терроризммен күреске қарсы екіұшты тәсіл қолданылатын болды. Аталған елдің христиандар көптеп шоғырланған аймақтарында полиция мұсылмандарды есепке алуды ұсынып отыр. The Guardian мерзімді басылының таратқан хабарына қарағанда, мұндай ұсынысты ел астанасынан солтүстікке қарай өңірді алып жатқан Орталық Лузона билігі айтқан. Мұсылман атын жамылған содырлар елдің оңтүстігінде орын тепкен, христиандар көптеп шоғырланған қаланы басып алғаннан кейін осындай ұсыныс айтылып отыр. Осы мақсатта мұсылмандар үшін арнайы карта ашылуы мүмкін. Бұл ұсынысты саясаткерлер мен діни бірлестіктердің жетекшілері және полиция өкілдері талқылап жатыр. Мұндай шара - карта ашу мұсылмандардың әр қадамын жіті қадағалап отыруға мүмкіндік бермек. Дәл осындай шара мұсылмандарға жәбір көрсеткен христиандарға немесе иудейлерге, я болмаса будда нанымындағыларға неге ашылмайды? 

 

0 пікір
Мұрағат