АҚШ Ауғанстанда жеңіліс тапты ма?
АҚШ Ауғанстанда жеңіліс тапты ма?
7 жыл бұрын 2753 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ, міне, 15 жыл болды, Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыра алмай келеді. Бұған ауған жеріндені ахуалды тұрақтандыруға арналған стратегия жоқтығы себеп. Бұл жайында АҚШ конгресінің республикалық партия атынан Аризона штатынан сайланған сенаторы, сенаттағы қарулы күштер ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Джон Маккейн мәлім етті. Ол жуырда сенаторларды бастап, Ауғанстан, онымен көрші жатқан Пәкістан және Біріккен Араб Әмірліктерінде болып қайтты. Осы сапары барысында ауған басшыларымен және осы елдегі АҚШ-тың әскери контингентінің қолбасшысы генерал Джон Николсонмен кездесті. Сенатор мұнымен не айтқысы келді? АҚШ әскерінің Ауғанстанда жергілікті халық өз жерін басқыншылардан азат етуші қозғалыс деп білетін тәліптерден жеңіліс тапқанын стратегияның жоқтығына жаба салды. Стратегияны әзірлесе, бұрын қайда қалды? Әу баста АҚШ-тың бұл елге ахуалды тұрақтандыру үшін емес, басқа себеппен келгенін, өз мүддесін қорғау мақсатында аталған Азия еліне әскер кіргізгенін әлем қауымдастығы біліп отыр. Уысынан шығып бара жатқан ауғандықтарды тұқырту үшін қосымша әскер кіргізетінін, яғни, Ауғанстанда әскери конгингентін арттыратынын осыдан бірнеше күн бұрын хабарлаған едік. Нақтырақ айтқанда, 2015 жылы АҚШ әскері ауған жерінің 72 пайызын өз бақылауында ұстаса, 2016 жылдың соңына таман бұл көрсеткіш 52 пайызға дейін кеміген еді. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек,  Ақ үйдің Пентагонға ауған жеріне кіргізетін әскер санын белгілеуде шек қоймайтын шешім шығарғанын да өткенде хабарлаған едік. The Wall Street Journal, апталық мерзімді басылымы өткен аптада бұл ақпаратты растады. 

0 пікір
Мұрағат