Түркияның ең қымбат бренді белгілі болды
Түркияның ең қымбат бренді белгілі болды
11 күн бұрын 318 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Түркияның биылғы әрі 2019 және 2020 екі жыл қатарынан ең қымбат бренді - Turkish Airlines (THY). Аталмыш әуе компаниясының құны 1,605 млрд долларға бағаланды. Бұл жайында islam.kz порталы Brand Finance деп аталатын халықаралық сараптама агенттігі келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш талдау орталығы осымен қатарынан 12 рет Түркияның ең қымбат ТОР-100 брендін жариялап отыр. Бұл рейтингте Turkish Airlines көш басынан көрінген. Ал екінші орынға тұрмыстық техника өндіретін Arçelik компаниясы (1,585 млрд доллар) жайғасқан. Үшінші орынға İş Bankası қаржы мекемесі (1,193 млрд доллар) табан тіреген. Төртінші орын – жекеменшік банктер арасында ірілігі жағынан екінші орында тұрған Garanti BBVA (1,190 млрд доллар); бесінші орын - Turkcell байланыс операторы (1,061 млрд доллар); алтыншы - Ziraat Bank (952 млн доллар көрсеткішімен). Биыл жаңа жеті түрік бренді рейтингке енген: TUSAŞ, Otokoç, Netlog, Anadolu Hayat, Arzum, Ray Sigorta, Karel. Бір жыл ішінде Aselsan (әскери өнеркәсіпке бағдарланған) құны артқан - 65,7 пайыз; одан кейінгі орында тоқыма саласы бойынша Yünsa Tekstil – 65,1 пайыз. Ең қатты құлдырағандары: Anel Elektrik – 51,4 пайызға құлдыраған: Beşiktaş (43,5 пайызға) және Otokar (42,8 пайызға) төмендеген.

Қосамшы мәлімет:

Биыл бес ай ішінде, дәлірегі, қаңтар-мамыр аралығында Түркия әуеайлары 500 млн-ға тарта жолаушыларға қызмет көрсеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш! Соның ішінде ел ішінде қатынаған жолаушылар қарасы 18 496 492 адам болса, халықаралық желі бойынша 10 912 735 жолаушыға қызмет көрсетілген. Бұл жайында Түркияның мемлекеттік әуежайлар бас басқармасы (DHMI) мәлім етіп отыр. Түркия әуежайлары аталған мерзімде ұзын саны 467 160 рейске қызмет көрсеткен. Бір ғана Стамбұл әуежайы бес ай ішінде 9 416 756 жолаушыға, сондай-ақ, аталған мерзімде 80 910 рейске қызмет көрсетккен. Бұл көрсеткіш Ататүрік әуежайында 15 649 рейсті құраған. 

0 пікір
Мұрағат