Күштік құрылымдарға адамды аңдуды заңмен рұқсат етті
Күштік құрылымдарға адамды аңдуды заңмен рұқсат етті
3 жыл бұрын 1157 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ресейдің күштік құрылымдарына кейбір санаттағы азаматтарды аңдуды заң жүзінде жеңілдетті. Яғни, жоғалған адамды табу мақсатында байланыс операторларын сот шешімінсіз абоненттің мобилді геолокациясы туралы ақпараттарды ұсынуға міндеттейді. «Жедел іздестіру шаралары туралы» федералды заңға енгізілген түзетуді мемлекеттік дума үшінші оқылымда қабылдап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ мемлекеттік думасында айтылғандай, аталмыш заң жобасы өз кезегінде жоғалған адамдарды іздеп табуға көмектеседі. Сот шешімі қажет болмаса да құзырлы орган өкілі геолокация туралы мәліметтерді алатынын 24 сағат ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Сондай-ақ, ішінде іздеу шарасы басталған сәттен бастап 48 сағат ішінде күштік құрылым қызметкерлері соттан іздеу жұмыстарын одан ары жалғастыруға рұқсат алуы тиіс немесе геолокация бойынша іздеуді тоқтатуы тиіс. Бұл аталмыш заңға енгізілген түзетудің ең басты артықшылығы – күштік құрылым қызметкерлеріне уақыттан ұтуға, із суытпай қылмыскерді қолға түсіруге мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат