Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
4 жыл бұрын 2470 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-14018/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14029/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14033/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14039/#gsc.tab=0

Саудияның ядролық бағдарламасының жүзеге асуына Қытай жәрдем беріп жатқанын және қандай мақсатта көмек көрсетіп жатқанын жоғарыда айтып өткенбіз. Десе де Қытай Саудияның ядролық бағдарламасының толыққанды жүзеге асуына, сарапшылардың айтуынша, мүдделі емесін және неліктен мүдделі емесін жоғарыда тілге тиек еткенбіз. Ядролық қаруда таратпау жөніндегі міндеттемесінен ауытқымайтынын Қытай билігі мәлімдеп үлгерді. Десе де мына бір фактіні естен шығармаған жөн: Қытайдың көмегімен Пәкістан ядролық держава атанды. Ал кей сарапшылардың айтуынша, Қытай Саудияның атом мәртебесіне ие елге айналдыру арқылы Таяу Шығыстағы қауіпсіздік жүйесінің негізгі ойыншысына айналып, аталған аймақтан АҚШ-ты ығыстыруды көздейді. Әлемдегі энергетикалық ресурстың мол қоры шоғырланған аймақта өз мүддесін жүзеге асыру үшін Қытай осындай қадамға барудан тайынбайды. Десе де бұл қатерлі қадам екенін айтады сарапшылар. Өйткені, Саудия жаппай қырып-жоятын қаруға ие болса, аймақтағы күштер арасындағы баланс қатерлі жағына қарай өзгереді, яғни, жағымсыз сценари бойынша Иран мен ядролық амбициясын жасырмайтын Түркия да жаппай қырып-жоятын қаруға қол созады. Оның үстіне, ядролық қарудың Таяу шығыстағы әлемнің өзге аймақтарында насихаты мен әрекетіне қатаң тыйым салынған, аталған аймақта белсенді әрекет ететін террористік топтардың қолына түсу мүмкіндігі жоғары.

(ықтимал жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат