Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
Саудияның ядролық амбициясын саясиландырудың астарында не жатыр (жалғасы)
4 жыл бұрын 2767 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-14018/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14029/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyanyn-yadrolyq-ambitsiyasyn-sayasilandyrudyn-astarynda-ne-jatyr-jalgasy-14033/#gsc.tab=0

Саудия өзінің ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта қолданады, дәлірегі, энергетикалық әлеуетін әртараптандыру бағытында жүзеге асырады дегенді желеу етіп, кез келген жағдайда мемлекет қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда жаппай қырып-жоятын қаруға тездетіп қол жеткізу үшін уран өндіруден бастап ядролық қару жасауға дейінгі өндірістің барлық тізбегін қамтитын инфрақұрылымын қалыптастыруға күш салады. Сарапшылардың дені осындай пікір білдіріп отыр. Өйткені, Саудияның ядролық бағдарламаны жүзеге асыруына тек экономикалық немесе энергетикалық қажеттілік қана емес, сонымен қатар, саяси себептердің де қатысы барын ешкім жоққа шығара алмайды. Ең аз дегенде Иран факторы ядролық бағдарламаны әскери мақсатта пайдалануға итермелейді. Осы орайда атом энергетикасына мамандандырылған саудиялық KACARE компаниясының жетекшісі Хашым бин Абдолла Иамани 2018 жылдың қазан айында уранды ел аумағында өндіруге тапсырма алғанын мәлімдеген болатын. Уран өндірісі – ядролық бағдарламасын қолға алған мемлекет қауіпсіздігінде маңызды рөл атқаратын стратегиялық сала. Нәтижесінде KACARE қытайдың атом энергетика және ядролық қару жасау саласында жұмыс істейтін China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясымен келісімге келді. Қытайдың аталмыш компаниясы Саудияның батысында орын тепкен Хайл провинциясын аумағынан уран мен тория кенін іздеумен, яғни, геологиялық барлау және ресурсты бағалау жұмыстарымен айналысады. Саудия билігі жалдаған қытай мамандары Иорданиядағы уран кені Хайл провинциясына дейін созылып жатқанын анықтады. Иорданиядағы уран кенінің қоры 65 мың тоннаға дейін жетеді, бұдан бөлек, фосфоттан 140 мың тонна уран өндіруге мүмкіндік бар. Осылайша Саудияның ядролық бағдарламасының алғашқы кезеңін жүзеге асыруға ресурс табылып отыр.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат