Ақпарат сақтаудың сыйымдылығы жоғары тәсілі табылды
Ақпарат сақтаудың сыйымдылығы жоғары тәсілі табылды
4 жыл бұрын 2805 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білесіздер, жылдан жылға ақпарат тасқыны артып келеді, осыған байланысты маңызды ақпараттарды сақтаудың көкейтестілігі артып келеді. Ол үшін ақпарат сақтайтын құрылғы барынша шағын болуы әрі сыйымдылығы жоғары болуы тиіс. Ақпарат сақтауға қатысты басты талаптардың бірі осындай. Бұл бағытта арнайы іздгенген неміс және жапон ғалымдары елеулі жетістікке қол жеткізе алды. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте кәдімгі кремнилік электроника ақпарат сақтау мүмкіндігінің шегіне жетіп қалды. Ақпарат сақтаудың ықтимал баламалы жолы спинтроникада («жоталы» электроника), антиферромагниттік материалдың ерекшелігінде жатыр. Антиферромагнит – магниттің бір күйі, кері бағытталған әрі күші оң бағытындағы күшпен тең магниттік күйдің бәр сәті деп түсіндіруге болады. Ақпаратты сақтаудың бұл жолғысында тек атомдар ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар, олардың жотасы да пайдаланылады. Бұл өз кезегінде бір көлемдегі сыйымдылықта екі есе көп ақпаратты сақтауға мүмкіндік бермек. Осы уақытқа дейін аталмыш баламалы тәсіл тек теория жүзінде ғана мүмкін болып келген еді. Өйткені, электрдің көмегімен антиферромагниттік материалда ақпарат сақтау мүмкін бе деген сауалдың жауабы табылмаған болатын. Десе де Майнц университетінің ғалымдары Тохоку жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен бірігіп, бұл тәсілді жүзеге асырудың жолын таба білді. Аталмыш зерттеу авторларының бірі Лоренц Бальдрати бұл тәсілді нақты іс жүзінде көрсетіп қоймай, сонымен қатар, оқшауланған антиферромагниттік материалда деректердің электронды жазбасының өнімділігін қалай өлшеу керектігін де тапты. Дәлірегі, ғалымдар бұл мақсатта изолятор ретінде CoO оксидін (тотығын) пайдаланды. Нәтижесінде антиферромагниттік материалды электрмен манипуляциялаудың магниттік поляға қарағанда тиімді екеніне көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат