|
Саудиялықтар жаңа бидғат түрін ойлап тапты
|
Арабтарда жаңадан сайланған корольге серт беру рәсімі бар. Оны араб тілінде «биғат» деп атайды. Яғни, бүкіл халық корольдің қолын алып, басшыға бағынып, адал болу туралы серттерін бергенін білдіруі тиіс. Ал, саудиялықтардың мына ашқан жаңалығы айды аспанға бір-ақ шығарды. Қалай дейсіз ғой? Корольдің суреті бар плакаттың артына кез келген адамды тұрғызып, қолын шығарып қояды. Сол қолды алған халық серт берген болып саналады-мыс. Ол аздай мектептерді аралап, оқушылардан да осылай ант қабылдаған. Оны күлкіге айналдырған оқушылар да болды. Серт беру дейтін салмақты рәсім, осындай жеңіл нәрсеге айналғаны ма? Биғаттың бидғатқа айналуы осы болса керекті...
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды