Жаһан жаңалықтары: Әйелімен серуендеп жүрген мұсылманды атып кетті
Жаһан жаңалықтары: Әйелімен серуендеп жүрген мұсылманды атып кетті
9 жыл бұрын 4709

 

Түркия экономикасы мұсылман елдерінің арасында екінші орында тұр

2013 жылы жалпы ұлттық табысы 820 000 000 000 долларды құраған Түркия экномикасы мұсылман елдерінің арасында Индонезиядан кейінгі орында тұр. Экспорттан түсетін табысы – 51,8 млрд доллар және ислам әлеміндегі ішкі нарықта ең жоғары көрсеткішке ие – 95 млрд доллар. Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 мұсылман елдерінің жалпы ұлттық табысы 6,7 трлн долларға жеткен, ал халал тағам өнімдері мен тұрмыстық заттар нарығындағы табысы 2,1 трлн долларды құрайды. Ислами қаржы саласы нарығындағы табысы 1,5 трлн доллардан асады. 2015-2019 жылдар аралығында ислам елдеріндегі экономиканың өсу қарқыны сарапшылардың есебі бойынша 5,4 пайыза жетеді екен.

 

Найзағай 2 адамның өмірін қиды

Пәкістанда нашар ауа райына қарамастан әуеге көтерілген Mirage 5 жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, оның экипажы мерт болды.
Бұл туралы Пәкістан әскери ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұшақ экипажы Хайбер-Пахтунхва провинциясының аумағында ұшу жаттығуларын жасамақ болып, ұшақпен аспанға көтерілген. Кенеттен нөсерлі жауын жауып, қатты жел тұрады. Дәл сол сәтте күркіреген найзағай әскери әуе көлігіне соққан.
Әуеде жарылып, өртенген Mirage 5-тің қалдықтары жер бетіне шашырап, тұтастай бір егіс алқабын басып қалыпты.

 

Директорлар арасында мұсылмандар айтарлықтай көп

Ұлыбритания халқының 3,1%-ын ғана мұсылмандар құраса да британдық бизнестің құлағынан ұстағандар арасында, яғни, компания директорлары арасында мұсылмандардың қарасы әжептәуір екені анықталды. Бұл деректі британдық Al Rayan ислами банк келтіріп отыр. Яғни, аталмыш қаржы мекемесі елдегі мұсылмандардың бизнеске ықпалын зерттеп көргенде осындай қорытындыға келген. Нақты санмен өрнектеп, пайызға шақсақ, мұсылмандардың тікелей ықпалындағы ұйымдар 7%-ды құрайды екен. Бұл жайында CityA.M ақпарат көзі хабар таратты.

 

 

Әйелімен серуендеп жүрген мұсылманды атып кетті

Кеше АҚШ-та кезекті мұсылманды өлтіру оқиғасы орын алды. Кезекті дейтініміз, жуырда ғана осы елдің Солтүстік Каролина штатында тұратын мұсылмандардың кісі қолынан қаза тапқаны жайында хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы да халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мұылманның кісі қолынан қаза табуы туралы үндеген жоқ. Тек ислам ақпарат құралдары ғана болмаса. OnIslam.net ақпаарат көзінің хабарына қарағанда Ахмет әл-Жүмәйіл есімді 36 жастағы Техас штатының тұрғыны басына шариғат шәлісін тартқан әйелімен серуендеп жүргенде оны белгісіз біреулер атып кеткен. Куәгерлердің мәліметіне сүйенген полиция дерегіне қарағанда олардың жанынан екі адам өтіп барып, артына бұрылып, мұсылманға от атқан. Бірақ, не үшін өлтіргені әзірге белгісіз. Жеке мүдде үшін бе, әлде исламофобиялық әрекеттердің бірі ме?

1 пікір
Мұрағат