|
Саудиядағы әйелдер енді әскер қатарында қызмет ете алады
|
Арабтардың Asharq al-Awsat мерзімді басылымы таратқан хабарға қарағанда, әйелдерге көлік жүргізуге, шетелге бір өзі шығуына, тек ер-азаматтар атқаратын қызметтерде жұмысқа тұруына рұқсат берген Саудия билігі енді әйелдерге елдің қарулы күштер сапында әскери борышын өтеуге мүмкіндік бермек. Саудиялық әйелдер бұдан былай барлық әскери бөлімшеде (теңіз және құрлық әскерінде, барлаушылар тобында, т.б.) қызмет ете алады. Олар қатардағы сарбаздан сержант шеніне дейін әскери мансабын қалыптастыруына мүмкіндік берілмек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)