|
Қытайдағы пневмониямен ауырғандарды қалай тасымалдайды (видео)
|
Басында Қытай билігі Ухан қаласында тіркелген коронавирус адамнан адамға жұқпайды деп сендіруге тырысқанымен кешегі мәлімет бойынша алты адам бақилық болған. Осы уақытқа дейін 14 дәрігер жұқтырған. Ал аталған дертті жұқтырғандардың жалпы саны 324-ке жеткен. Соңғы дерекке қарағанда, Гонконгта, Таиландта, Жапонияда және Оңтүстік Корея секілді көрші елдерге таралып үлгерген. Әлеуметтік желіде аталған дертті жамап алған науқасты тасымалдау сәті бейнеленген видео жарияланған. Бұл таспаға тартылып қалған көріністі YouTube арнасынан да көре аласыздар. Аталмыш видео Гуандун провинциясына қарасты Хойчжоу қаласында түсірілген. Десе де бұл видеоның коронавирус жұқтырған науқаспен байланыстылығы ресми расталған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды