Намазда Әли Хаманейге ұйыған Хасан Руханидың тұтқиыл әрекетін сан-саққа жорып жатыр... (видео)
Намазда Әли Хаманейге ұйыған Хасан Руханидың тұтқиыл әрекетін сан-саққа жорып жатыр... (видео)
4 жыл бұрын 4066 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяу Шығыстың бұқаралық ақпарат құралдары жұма намазы аяқтала салысымен, Иран президенті Хасан Руханидің аятолланың батасын күтпей кетіп қалғанын жарыса жазып жатыр. Одан саяси астар іздегендер де бар. Сегіз жылдан бері алғаш рет жұма намазында имам болған Әли Хаманейдің батасын алмай кеткен Хасан Руханидің бұл әрекетін президент пен аятолланың арасына жік түскен деп жорушылардың қарасы көп. Әйтпесе Хасан Руханидің мемлекеттік маңызы бар қанша шұғыл шаруасы болса да Ирандағы нөмірі бірінші адамның батасын алмай кеткенін басқаша қалай жоруға болады? Хасан Руханимен қатар тұрған Әли Лариджани де оның бұл шалт қимылына таңдана қарап қалғанына қарағанда қандай да бір себеппен алдын ала келісіп алатындай емес, кенеттен орын алған әрекет екенін байқауға болады. Аятолланың жамағат алдына шығып, жұма намазын өзі оқытуы халықпен жақындасуға деген ниетінен хабар береді. Оң қолы атанған генерал Қасым Сүлейменнің қастандықпен өлтірілуі әрі халықтың Иран билігіне күшейіп келе жатқан наразылығы, санкцияның салдарынан экономиканың шатқаяқтауы... соңғы уақытта орын алған келеңсіздіктер президент пен аятолланың арасында қандай да бір келіспеушілік тудыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат