|
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
|
Тритикал деп аталатын бұл өсімдік қиын жерлерде де оңай өседі. Адамға да, малға да азық болады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, қытай ғалымдары Қытайдың батыс аймағында орын тепкен Шыңжан өңіріндегі шөл далада биіктігі адамның бойынан да асып кететін бидай мен қара бидайдың гибридін өсіруге бел буып отыр. Климаты қатал, қолайсыз өлкелерде де өсе беретін бұл өсімдік тек адамдарға да азық болып қана қоймай, сонымен қатар, мал азығына да жарайды. Аптап ыстық пен суыққа, сортаң жерге, желге, құмға төзімді келетін өсімдікті аталған аймақты өсіру жобасына жауапты Xinjiang Maishengdao Biotechnology компаниясының атқарушы директоры әрі «гибридті күріштің әкесі» ретінде танымал Йуан Лунпиннің бес жыл бойы тәлімгері болған Қуан Пейтин есімді ғалым China News Service дерек көзіне берген сұхбатында тритикалдің жыл сайын 667 шаршы метр аумақтан 4 тоннаға дейін жем өндіруге болатынын мәлімдеді. Бидай мен қара бидай дәндерін будандастыру арқылы алынған синтетикалық гибрид Тритикале алғаш рет Шотландия мен Германияның зертханаларында XIX ғасырдың соңында шығарылған. Будандастыру процесі екі түрдің қолайлы қасиеттерін біріктіруге мүмкіндік береді әрі климаты қатал жерден неғұрлым жоғары өнім беруге қабілетті өсімдікті алуғам мүмкіндік береді. Мәселен, су қоры шектеулі немесе топырақта азот аз болса, тритикале 2024 жылы Field Crop рецензияланған мерзімді басылымында жарияланған мақаладағы мәліметке сәйкес неғұрлым жоғары өнім бере алады. Цуйси биотехнология академиясының зерттеушілері шикі ақуыз пен жалпы сіңірілетін қоректік заттар құрамы жағынан тритикалдің бидайдан кем түспейтінін атап өтті. Осы айдың басында Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ауыл шаруашылығы дақылдары ғылымы институтының зерттеушілері Шыңжаңдағы тұзды-сілтілі жерлерді жем-шөп тритикалін өсіру үшін пайдалану жөнінде кездесу өткізді. Қашғар префектурасындағы тәжірибеге арналған базада өсірілетін Жунса 1048 сорты биіктігі шамамен 1,6 метрге дейін жетуі мүмкін. Аталған өсімдіктің мұндай ерекшелігі арамшөптің қаулап өсуіне жол бермейді және мол өнім алуға мүмкіндік береді. «Тритикал отырғызу арқылы шөл даланы жасыл желекпен көмкердік, яғни, алты ай ішінде экологиялық аймаққа айналдыруға қол жеткіздік, бұл ретте топырақтың тұздылығы 1,4 пайыздан 0,76 пайызға дейін төмендеді», - деп айтылған институттың хабарламасында. Тритикалдің тұз деңгейін төмендету қабілеті топырақ құнарын арттыру үшін оны мақта және жаңғақ сияқты басқа да дақылдармен ауыспалы егіске отырғызуға мүмкіндік береді.