|
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
|
Ғалымдар бірер жылдан соң жасанды зердеде сана пайда болатынын алға татып отыр. Бұл жайында islam.kz поорталы өз кезегінде Cognitive Processes мерзімді басылымына жөн сілтеген "Popular Mechanics" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар тек адамдар мен жануарларға ғана емес, сонымен қатар, жасанды зердеге де қолдануға келетін сананы бағалаудың жаңа моделін ұсынды. Клуж-Напока техникалық университетінің Мариус Бодеа есімді инженері жүргізген зерттеу негізінде бірқатар өлшемдер бойынша түрлі жүйелердің сана деңгейін салыстыруға мүмкіндік беретін Consciousness Score шкаласы жатыр. Сондай өлшемдердің бірі - деректерді өңдейалатын, сенсорлық тұрғыдан қабылдауға бейім, есептеу параллеліне ие, метаконгнитивті процеске қабілетті (яғни, өз ойын талдай алатын) интеллекті де бар. Зерттеу авторы түсіндіргендей, мұндағы мақсат биологиялық түрге де, жасанды жүйеге де бірдей қолдануға келетін әмбебап құралды жасауға саяды. Оның айтуынша, сана ұғымы тек адам ақыл-есімен ғана шектеліп қалмауы тиіс, өзге де түрлерін, соның ішінде дамыған жасанды зердені қоса ескеруі керек. Шкалаға сәйкес ересек адамның санасының деңгейі 500-800 шартты бірлік диапазонында бағаланады, ал балада бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Ең аз мәндер қарапайым организмдерге сәйкес келеді, ал ең көп мәндер - адам мүмкіндіктерінен едәуір асып түсетін суперинтеллектінің гипотетикалық деңгейіне сәйкес келеді. Қазіргі заманғы жасанды интеллект жүйелері, ірі тілдік үлгілерді қоса алғанда, әзірге 100 балл шегінен төмен. Алайда, зерттеушілердің айтуынша, мұндай жүйелер «протосананың» алғашқы формалары ретінде қарастыруға болатын жекелеген белгілерді көрсетіп отыр. Бұл арада сөз үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу, жаңа міндеттерге бейімделу және ішінара пайымдауды имитациялау қабілеті турасында болып отыр. Мариус Бодеа аталмыш технологияны одан ары дамыту, атап айтқанда нейроморфты есептеулер - адам миының жұмысын имитациялайтын жүйелер - бұл процесті айтарлықтай жылдамдатуы мүмкін, деп санайды. Оның бағалауынша, алдағы 10-15 жыл ішінде жасанды интеллект анағұрлым жоғары деңгейге жақындауы мүмкін. Мұндай жағдайда оның санасының элементтері туралы мәселе маңызды ғылыми пікірталас тақырыбына айналады. Бұл ретте ғалым мұндай болжамдар белгісіз болып қалатынын және көптеген факторларға, соның ішінде технологиялық прогресс қарқынына және сана феноменінің өзін түсінуге байланысты екенін атап өтті. Сарапшылардың атап өтуінше, саналы АІ-дың пайда болуы тек технологиялық саланы ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар, философиялық, этикалық және әлеуметтік мәселелерді де қозғай алады. Атап айтқанда, бұл арада сөз жауапкершілік шегі, осындай жүйелердің құқықтары және олардың қоғам болашағындағы рөлі турасында болып отыр.