|
Микропластик ми тамырларын бітеуі мүмкін – неврологтар тұжырымы
|
Ғалымжар алғаш рет микропластиктің организмдегі жылжу бағытын нақты уақыт аралығында қадалағады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пластитктің титтей жұрнақтарын иммундық жасушалар сіңіріп алады да қанмен бірге айналады. Ақыр соңында мидың тамырларында кептеліп тұрып қалады. Мұндай процесс адам миын қайдам, тышқан денаулығына кері әсерін тигізген. Адам аяғы жете бермейтін Антарктида мұздағынан бастап, мұхит тұңғиығына дейін кездесетін, көлемі 5 млиилиметрден кем пластик бөлшектері адам мен жануаолар организіміне ауа мен ас-су арқылы енеді. Адамның миынан бастап, бауыр, бүйрек, несеп жолы, тіпті, құрсақтағы шарана қоршап тұратын планцеттен де кездесетін микро-нанопластик күретамырдағы атеросклеротиндік түйіршіктерге жабысып, жүрек талмасын, инсульт қатерін арттырады. Бұл тараптағы зерттеуд авторлары микропластитің миға қалай әсер ететінін тереңірек түсінуді алдына мақсат етіп қойып еді. Осы мақсатта екі фотонды микроскопия деп аталатын флуоресцентті визуализациялау әдісін қолданды. Алдымен тышқандарға флуоресценттеуші бояғыш қоспасы бар полистиролды қосып су берді. Жарқыраған жасушалар шамамен үш сағаттан кейін пайда болды. Одан арғы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бұл иммундық денелер - нейтрофилдер мен фагоциттер жарқылдаған пластикалық бөлшектерді жұтады. Микропластиктің ірілеу келген кейбіреуі ми қабығының капиллярларының иілімдеріне кептеліп қалған. Қан тамырындағы микропластитік бірыңғайда ұйыған қан секілді - миды құрамында қоректік заттар бар қанмен қамтамасыз етуге кедергі келтірген.