Қытай ғалымдары пневмонияның жаңа түрінің емін тапқан секілді
Қытай ғалымдары пневмонияның жаңа түрінің емін тапқан секілді
4 жыл бұрын 2841 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы уақытта күллі әлемнің үрейін алған, бірнеше адамның өмірін жалмаған Қытайдағы індеттің бетін қайтаратын әдіс табылды. Дәлірегі, қытай ғалымдары тапқан 2019-nCoV коронавирус тудыратын жаңа пневмонияны емдеудің тәсілі турасында болып отыр сөз бұл арада. Бұл жайында Sina ақпарат көзі хабар таратты. Экстракорпоралды оксигенация (қанды оттегімен қанықтыру) арқылы жүргізілген емдеу тәсілі оң нәтиже беріп отыр. Яғни, індет ошағы – Ухан қаласы жататын Хубэй қаласының әкімшілік орталығында аталған ем тәсілінен жағдайы мүшкіл 53 жастағы ер адам сауығып кеткен. Қазіргі уақытта оның денсаулығы бір қалыпты, дәрігерлер көп ұзамай оны карантиннен шығарады. Соңғы ақпарат бойынша аталған дертке - 2019-nCoV коронавирус тудыратын пневмонияның жаңа түріне 600-ден аса адам шалдыққан.

0 пікір
Мұрағат