Оңшыл радикалдар мұсылмандарды шошқаның басына теңеді
Оңшыл радикалдар мұсылмандарды шошқаның басына теңеді
9 жыл бұрын 2572

Мельбурн қаласында өткен айда, дәлірегі, шілде айының 18-і күні ессіз акция ұйымдастырған оңшыл радикалдар  тамыз айының 29-ы күні Бендиго шаһарындағы мешіттің құрылысына қарсы кезекті шеруін өткізуді жоспарлап отыр. «Біріккен патриоттар майданы» деп аталатын оңшвыл радикалдар ұйымы өз жақтастарын осынау акцияға шақырып әлекке түсуде. Өйткені, олардың айтуынша, «Бендиго халифатқа айналып кетеді». Бұл жайында IslamNews порталы The Age ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.  Жуырда әлеуметтік желіге салынған видероликте аталмыш ұйымның жетекшілерінің бірі Нил Эриксон бес доңыздың басын ұстап тұрып, оларды мұсылмандарға теңегені бар. Айта кетейік, Нил Эриксон өткен жылы Мельбурн равинінің қыр соңына түсіп, еврейлерді мазаққа айналдырғаны үшін айыпты деп танылған болатын. 

0 пікір
Мұрағат