|
Пәтер де бауырластар зиратына айналады екен...
|
Алдыңғы аптада әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын шулатқан, отқа оранған Лондон шаһарындағы 24 қабатты Grenfell Tower зәулім тұрғын үйдің бір пәтерінен құтқарушылар іздестіру шарасы кезінде 42 адамның сүйегін тауып алды. Өлгендердің барлығы жанұшыра төменнен сумаңдаған жалын тілінен қашып, жоғары қабаттағы пәтерге келіп тығылған. Алайда, ажалын осы пәтерден тапты. Өрттен қаза тапқандар арасында ересектермен қатар балалар да бар. Бұл пәтер бауырластар зиратына айналды. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша бұл өрттен 79 адам көз жұмған. Олардың кейбіреуінің түрін тану мүмкін болмаған. Күйіп кеткендіктен. Өрттің кесірінен баспанасыз қалған 600-ге тарта адам жақын маңдағы қоғамдық орталықтарға, мешіттер мен шіркеулерге жайғастырылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды