Қазақстанның әскери шығындары 10 жылда 77 пайызға артқан
Қазақстанның әскери шығындары 10 жылда 77 пайызға артқан
7 жыл бұрын 2059 7kun.kz Камила Дүйсенова

Стокгольм дүниежүзілік проблемаларды зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтері бойынша 2015 жылы әлеменің 140 мемлекеті ЖІӨ-дерінің 0,6 пайызы мен 16,2 пайызын әскери шығынға және қарулы күштерге жұмсайды.

Мемлекетіміз бұл тізімде 60 орынға іліккен. Қазақстан ЖІӨ-нің 1,2 пайызын, яғни 1,9 млрд долларын осындай шығындарға жұмайды.

Егер өткен жылмен салыстырсақ, доллармен есептегенде шығын 17,6 пайызға қысқарған. Бұл ұлттық валютаның құнсыздануымен тікелей байланысты. Бірақ, 10 жыл ішінде еліміз әскери қажеттіліктерге жұмсайтын қаражатты 77,6 пайызға арттырған.

ҚР бюджеті бойынша, 2016 жылы қорғаныс қызметінің шығындары долларға шаққанда 34,8 пайызға қысқарса, теңгемен есептегенде сол күйінде қалған. Бұл қаражаттың 90 пайызын мемлекет қарулы күштердің жауынгерлік және мобильдік әзірлегіне жұмсаған. Қалған 10 пайызы төтенше жағдайдағы жұмыстарды ұйымдастыруға кеткен.

Әскери шығындары ең көп мемлекеттердің алғашқы үштігінде АҚШ, Қытай, Сауд Арабиясы, Ресей және Британия кіреді.

0 пікір
Мұрағат