Мұсылмандарға қаны қас исламофоб қолындағы қарудан өзі жараланды
Мұсылмандарға қаны қас исламофоб қолындағы қарудан өзі жараланды
9 жыл бұрын 3260 zbroya.info

АҚШ-та исламофобқа көмектеспек болған ер адам өз қаруынан жараланып қалды. Бұл жайында IslamNews порталы Fusion.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Басынан бастасақ оқиға былай болған: Охлакома штатына қарасты Маскоджи округының тұрғыны, дәлірегі, қару-жарақ дүкенінің және тирдің қожайыны, Ирак соғысының ардагері Чад Нил өзінің суық қару сататын сауда орнын «мұсылмандардан азат аймақ» деп жариялап: «Мен мұсылмандарды, террористерді, тағы оларды қалай атауға болатынын білмеймін, бірақ, оларды өзімнің тирімде көргім келмейді», - деп мәлімдеме жасады. Артынан өзінің бұл мәлімдемесінің салдарынан, яғни, мұсылмандар қастық қыла ма деген қорқынышпен жергілікті тұрғындардан көмек сұрап, өзінің дүкені мен тирін күзетіп беруін сұрайды. Бірнеше ер адам исламофобқа көмекке келіп, дүкен мен тирді күзетуге шығады. Алайда, олардың бірі қолындағы қаруы атылып кетіп, абайсызда қолын жаралап алды. Дәл бір құдайдың ескертуі ме дерсің. Бұл оқиға басқаларына да сабақ болса дейсің. 

0 пікір
Мұрағат