170 мың израилдік «көзге шөп салу сайтын» пайдаланған
170 мың израилдік «көзге шөп салу сайтын» пайдаланған
9 жыл бұрын 5624

Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар бар. Нақтырақ айтқанда, кнесетта (Израил парламенті) депутаттары, мемлекеттік бақылау, салық басқармасының, Тель-Авив муниципалитетінің, авиаөнеркәсіп концернінің, білім беру, қаржы, қорғаныс саласының қызметкерлері аталмыш сайтқа түрлі бүркеншек атпен кіргені анықталды. Бұл жайында Ashley Madison ақпарат көзі хабар таратты. 170 мың клиенті бар сайттың ұраны: «Өмір қысқа. Оралыңның барында ойна да күл». Көзге шөп салуға үндейтін сайттың деректерін үстіміздегі жылдың шілде айының соңында әлдебіреу бұзып кіріп, ұрлаған екен. Әлемнің 50-ден аса елінен 37 млн пайдаланушысы бар бұл сайттың логиндерді, паролдерді, есімдерді, бүркеншек аттарды, электронды адрестерді және несие карточкаларының нөмірлерін қамтыған архив .onion доменді сайтқа орналастырылған. Осынау сайт қожайыны болып табылатын Avid Life Media компаниясының мәлімдемесінде айтылғандай, деректерді ұрлаушыларды ұстауға Федералды тергеу бюросы көмектеседі. Көп ұзамай израилдік шенеуніктер өздерін ақтап алу үшін жанталасатыны анық. 

0 пікір
Мұрағат