Ластанған ауадан жыл сайын демікпе дертіне қанша бала шалдығады
Ластанған ауадан жыл сайын демікпе дертіне қанша бала шалдығады
5 жыл бұрын 2739 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын әлем бойынша 4 млн-ға тарта бала азот диоксидінен демікпе дертіне шалдығады. Бұл жайында AMNA ақпарат көзі хабар таратты. Джордж Вашингтон атындағы университеттің қоғамдық денсаулық мектебінің Сьюзан Аненберг бастаған ғалымдары The Lancet Planetary Health медициналық мерзімді басылымда осындай мәлімет келтіріпті. 2010-2015 жылдар аралығындағы әлемнің 194 елінің әрі 125 ірі мегаполисінің деректерін талдай келіп. Жыл сайын әлемдегі демікпе дертіне шалдыққан балалардың әрбір сегізіншісінің ауруына азот қостотығының қоршаған ортасының ластануы себеп болуда. Демікпе дертіне шалдыққан балалардың үштен екісі (64%) қалалық жерлерде тұрады. Жалпы алғанда,  әлемдегі демікпе дертіне шалдыққан балалардың жартысының аталған сырқаттан зардап шегуіне әлемнің аса ірі 125 ірі мегаполисі ауасының ластануы себеп болған. Қытайдағы Шанхайда бұл көрсеткіш 48%. Аталған қаладан кейінгі орындарда Оңтүстік Корея астанасы - Сеул қаласы, Мәскеу, Чикаго, Лас-Вегас, Нью-Йорк, т.б. тұр. 

0 пікір
Мұрағат