Гнетикалық төлқұжат беріле бастайды
Гнетикалық төлқұжат беріле бастайды
5 жыл бұрын 2680 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы азаматтарына генетикалық төлқұжат беріле бастайды. Бұл жайында РФ президенті Владимир Путиннің "Ресей Федерациясының химиялық және биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері туралы" жарлығында айтылған. Аталмыш құжатта айтылғандай, мұндай төлқұжатты қолданысқа енгізу өз кезегінде ресейлік азаматтарды "адамның дербес гені және тұрғындардың генетикалық профилінің қалыптасуы туралы" деректерді жинау арқылы биологиялық және химиялық қауіп-қатерден қорғауға көмектеседі. Аталмыш жарғыға орай РФ аумағында инфекциялық аурулар мониторингісі үшін ұлттық қан банкі құрылатын болады. Genotek медициналық-генетикалық орталық жетекшісі Валерия Ильинскидің айтуынша, генетикалық төлқұжаттың екі түрі болуы мүмкін: алғашқысы - адамның жеке тұлғасын анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық маркерлер жиынтығы қамтылған сот-медициналық төлқұжат, ал екіншісі - адамның денсаулығына төнген қатерлерді және оның ағзасының ерекшелігі қамтылған төлқұжат. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, генетикалық төлқұжат адамның сілекейіне сараптама жасалып беріледі. Ал екінші түрі бойынша адам кешенді, яғни, жан-жақты тексеруден өткен соң берілмек. 

0 пікір
Мұрағат