|
Жуырда ашылған Дубайдағы Құран саябағы (ВИДЕО)
|
Біріккен Араб әмірліктерінің Дубай қаласында Құран саябағы ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі. Құран саябағының ауданы – 60 гектарға тең. Бұл жерде інжір, анар, зәйтүн, сарымсақ сынды Құранда аты аталған 54 түрлі өсімдіктің түрі бар. Сондай-ақ, мұнда ашық аспан театры, пальма алаңқайы, шыны ғимарат, фонтандар, балалар үшін ойнайтын және үлкендер үшін жүгіретін алаңдар жасалған. Құран саябағы өсімдіктердің экологиясы бойынша Исламда жеткен жетістіктерді көрсету үшін түрлі мәдениеттер, діндер мен халықтар арасында интеллектуалды және мәдени қарым-қатынастың алтын көпірі болады деп күтілуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды