Кезінде Саудияда бас көтерген жұқпалы індет келесі пандемия қатерін төндіріп тұр
Кезінде Саудияда бас көтерген жұқпалы індет келесі пандемия қатерін төндіріп тұр
3 жыл бұрын 1727 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оқырман жаңсақ түсініп қалмасы үшін бірдей айта кетейік, бұл арада 2012 жылы Саудия аумағында тіркелген таяу шығыстық респираторлық синдром турасында сөз болады. Халықаралық ғалымдар тобы адамзатқа қатерлі келесі пандемия қаупін төндіріп тұрғанын былайшы түсіндіреді: пандемия тудыратындай қауқарға ие болуына бар-жоғы бірнеше мутация «жетіспей» тұр. Бұл жайында islam.kz порталы MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біз сөз етіп отырған таяу шығыстық респираторлық синдром вирустық респираторлық ауру. Яғни, таяу шығыстық респираторлық синдром короновирусы тудыратын дерт. Аты аталған ауру алғаш рет 2014 жылы Саудия аумағында тіркелген. Яғни, бірінші рет мұндай диагноз аталған арал еліндегі науқасқа қойылған болатын. Аталмыш вирустың тест нәтижесі көрсеткендей, өлімге алып келетін қатері жоғары – мұндай дертке шалдыққандардың шамамен 40 пайызы осы аурудан көз жұмған болатын. Таяу шығыстық респираторлық синдром инфекциясының клиникалық көрінісі қандай? Симптомдары байқалмауы мүмкін немесе жеңіл түрде басталып (дене температурасының, қызуы көтеріледі, жөтел пайда болады, ентігу), адам төсекке таңылып, арты оның өлімімен аяқталуы мүмкін. Организм иммунитеті әлсіз болса. Бұдан бөлек, диарея, яғни, іштің өтуі қоса жүретін гастроэнтерологиялық симптомдары да білінеді. Бұл вирустың ошағы ретінде бір өркешті түйе аталып жүр. Яғни, індеттің қайнар көзі. Африка құрлығындағы тестен өткен түйелердің 80 пайызынан байқалған, алайда, олардың 70 пайызы аталмыш вирусқа қарсы антиденеге ие болып шыққан. Ғалымдар Таяу шығыс пен Африканың әр аймағынан вирустың үлгілерін жинап, түрлі категорияға жіктеп, зертханада адам өкпесінің жасушаларын пайдалана отырып, генетикалық үлгілерін салыстырып көрген екен. Нәтижесінде араб категориясындағысы адам берілетін болып шықты, ал африкалық түрінің адамға жұқпайтыны анықталды. Мұқият зерттей келе вирус нұсқаларындағы айырмашылық S-ақуызындағы амин қышқылымен байланысты болып шықты. Ғалымдардың тұжырымынша, Таяу шығыстан жиналған үлгілері адамға жұғатындай деңгейде мутацияға әлі ұшырай қоймаған. Бұл сауда-саттық ерекшелігіне байланысты – бір жақты сауда болғандықтан қатері пайда болған емес – Таяу шығыс елдерін Африкадан түйе сатып алады. Егер сауда шарты немесе барысы бір жақты емес, екі жақты болып өзгерсе, мутацияға ұшырауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде келесі пандемия есігін айқара ашады.

Ұқсас материалдар:

«Келесі, ықтимал, жойқын пандемияның ең қатерлі тұсы неде» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-yqtimal-joiqyn-pandemiyanyn-en-qaterli-tusy-nede-14751/#gsc.tab=0);

«Адам тәнін «жейтін» ықтимал пандемия Австралиядан басталуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adam-tanin-jeitin-yqtimal-pandemiya-avstraliyadan-bastaluy-mumkin-14930/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат