Жұлынға түскен құрт жегідей жеген дертке айналып барады...
Жұлынға түскен құрт жегідей жеген дертке айналып барады...
4 жыл бұрын 4192 материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына гипер сілтеме берілуі міндетті

Діні мен діліне берік, салт-дәстүрін қызғыштай қоритын өзбек ағайындар жаһандану дәуірінде батыстың қаңсығын таңсық көріп, жат әдеттерге бой алдырғандармен күрес жүргізіп келеді. Адам құқығы мен демократияны желеу еткен батыстың қас-қабағынан ықпай. Ала шапанды ағайын елде соңғы бес жыл бедерінде гомосексуализм үшін айып тағылып, жауапкершілікке тартылғандардың саны туралы дерек жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің ішкі істер министрлігі келтірген мәліметке жөн сілтеген Qalampir.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құзырлы орынның ресми статистикасына сенсек, мұндай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың қарасы 2016-2020 ылдар аралығында 44 адамға жеткен. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылы 6 адам, 2017 жылы 15 адам, 2018 жылы 7 адам, 2019 жылы 7 адам, 2020 жылы 9 адам тиісті жауапкершілікке тартылған. Өзбекстан республикасының ішкі істер министрліігінің жазаны орындау жүйесіне қарасты түзету мекемелерінде қазіргі уақытта мұндай қылмысы бойынша 49 адам жазасын өтеп жатыр. Өзбекстан ІІМ нормативті актілердің талаптарына сәйкес мұндай азғындық пен арсыздық қоғамды іштен ірітіп, одан ары таралмасы үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін психологиялық көмек көрсету қызметі құрылған. Өзбекстанда гомосекусализм заңмен қудаланатын, яғни, қылмыс ретінде танылады, дәлірегі, аталған елдің қылмыстық кодексінің 154-ші бабы бойынша мұндай әрекет қылмыс ретінде танылады әрі мұндай қылмыспен көзге түскен немесе ұсталған тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

Осы орайда Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Talgat Zhakiyanov-тың мына жазбасын назарларыңызға ұсынамыз:

Ресей жерімізге көз сүзіп, қорқытып жатқанда, АҚШ үнсіз ғана «достық» пейілімен төрімізге шығып, құндылықтарымызға қол сұғып жатқан сияқты. Мына 2 факті көп нәрсені түсіндіреді:

• 2021 жылдың 4 ақпанында АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ-тың шетелде жұмыс істейтін барлық мемлекеттік құрылымдарына әлемдегі ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын нығайтып, қорғауына кепілдік беретін Президенттік меморандумға қол қойды. Меморандум аясында Жаһандық теңдік қорының (GEF) 2021 жылғы іс-шараларына 10 млн. доллар көлемінде қаржы бөлінді. Осы меморандумнан кейін елімізде феминистік қозғалыстардың акциялары, ЛГБТ туралы талқылаулар көбейіп кетті.

Жалпы алғанда, еліміздегі ЛГБТ қауымдастықтары туралы ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, өздерінің дерегі бойынша, бүгінде олардың саны елімізде 1,5 млн адамға жеткен. Нұр-Сұлтан қаласында 3 гей-клуб, Алматыда 20 шақты гей-клуб қызмет етеді..

• 2019 жылдың шілдесінде АҚШ Діни бостандықтар бойынша халықаралық альянс (IRFA) ұйымын құрды. Оған 26 мемлекет мүше болып отыр. IRFA-ның 2020-2021 жылдарға арналған қаржысы 800 млн. доллар көлеміндегі соманы құрайды және аталған қаржы үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.

Сондай ұйымның бірі - 800 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай қолдау алған «LYNC» ұйымы. Оның мақсаты Қазақстанда діни плюрализмді дамыту, мемлекеттік органдарды озық тәжірибелермен таныстыру, азаматтарды діни сенім бостандықтарын өз күштерімен қорғауға үйрету болып табылады.

Ойланатын дүние, дегенмен...

Ұқсас материалдар: 

«Жат төсек қатынасын насихаттағандарға жауапкершілік күшейтіледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/jat-tosek-qatynasyn-nasihattagandarga-jauapkershilik-kusheitiledi-14975/#gsc.tab=0);

"Сот гомосексуализмді ауру деп таныды" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/sot-gomoseksualizmdi-auru-dep-tanydy-14903/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат