Сот гомосексуализмді ауру деп таныды
Сот гомосексуализмді ауру деп таныды
3 жыл бұрын 2017 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Цзянсу провинциясының соты гомосексуализмді ауру деп танитын, дәлірегі, психикалық ауытқу ретінде танитын оқулық авторларының жағына шықты. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сексуалды азшылықтың құқығы үшін күресіп жүрген белсенділер жоғарғы оқу орнының менталды ауытқу жөніндегі оқулықта пайдаланылған анықтаманың терістігін сот арқылы дәлелдемек болған екен. Өткен жылдың қыркүйек айында аталмыш сот бұл талас-тартысқа қатысты өз үкімін шығарып, белсенділердің әрекетін «әр нәрсені қабылдаудағы айырмашылық» ретінде бағалаған. Белсенділердің сөзіне қарағанда, соттың бұл шешімі өз кезегінде елдегі сексуалды азшылыққа жағымсыз әсерін тигізбек. Осы орайда Қытай аумағында гомосексуализм 1997 жылдан бері қылмыстық жауапкершілік болудан қалғанын әрі 2001 жылы психикалық ауытқу тізімінен шығарылғанын айта кетпекпіз. Қытай қоғамы гомосексуализмді құптамайды.

Ал бұл тарапта ғылым не дейді? Генетикалық тұрғыдан мұндай азғындыққа бейімділіктің деңгейі төмен, негізінен бір жыныстылар қатынасының пайда болуына әлеуметтік және экологиялық факторлар әсерін тигізеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу барысында еуропалық нәсілді 500 мыңға тарта адамның гені сарапталған екен. Ғалымдар олардың ДНҚ үлгісі негізінде бір жыныстылық қатынас пен генетикалық ақпарат арасындағы байланысты зерделеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz порталы The Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нәтижесінде генетикалық тұрғыдан бейімділік болғанымен ол әлеуметтік және экологиялық факторлардың жанында елеусіз болып шыққан. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Кең бейімді институттың генетигі әрі Массачусет емханасының аналитикалық және трансляциялық генетика бөлімінің доценті Бен Нилдің тұжырымы осындай. Бұдан бөлек, кейбір жекелеген зерттеу нәтижелері адамның бір жыныстылық сексуалды мінез-құлқына жауапты ген мен психикалық ауытқу арасында байланыс барын да жоққа шығармайды.

0 пікір
Мұрағат