Жануарлар әлемі: «Скейтбордшы» мысық ғаламтор жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Жануарлар әлемі: «Скейтбордшы» мысық ғаламтор жұлдызына айналды (ВИДЕО)
9 жыл бұрын 4631

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша Австралияда Диджа атты «скейтбордшы» мысық YouTube порталының жұлдызына айналды.

Төрт дөңгелекті тақтайды айдауды шебер меңгерген үй жануарының өнерін ғаламторда 5,5 миллион адам тамашалаған. Қазір тіпті оның YouTube-те өз жеке арнасы да бар. «Скейтбордқа мініп, қалалық жағажайды аралау - Диджаның күнделікті сүйікті ісі. Ол – нағыз спортшы. Ал көршілердің иттері оған мүлде жоламайды»,-дейді оның иесі. Жалпы төрт аяқтыны спорттың бұл түріне Роберт Доллуэт атты жануар үйретуші машықтандырған. Ал бейнероликті кәсіби етіп түсіру үшін 1 жылдан астам уақыт кеткен.

 

СЕГІЗАЯҚТЫҢ ШАЯНДЫ ҚАЛАЙ ҰСТАҒАНЫ ҒАЛАМТОРДА ДҮМПУ ТУДЫРДЫ (видео)

Сегізаяқтың шаянды қалай ұстағаны ғаламторда дүмпу тудырды. Бұл жайында National Geographic ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш видеороликті (бейнебаянды) YouTube-де жеті миллионнан аса адам тамашалаған екен. Бұл бейнебаянды Порше Индриси (Porsche Indrisie) есімді азамат Австралияның батысында орын тепкен Йелингап шағын елді-мекенінің маңында түсіріп алған. Биологтардың сөзіне қарағанда, шаян сегізаяқтың ең сүйсініп жейтін қорегі болып табылады. Алдымен ағзасындағы нейротоксиннің көмегімен құрбандығының денесін жансыздандырып алады екен. Әдетте сегізаяқ құрғақ жерде терісіндегі ылғал кепкенше бола алады.

 

Екі ламаның әуресі (видео)

АҚШ-тың Аризон штатына қарасты Финикс қаласында қорықтан қашып шыққан екі лама бір сағат бойы ұстатпай полицияы қызметкерлерін әбден әуреге салды. Бұл жайында  The Washington Post ақпарат көзі хабар таратты. Бұл уақыт аралығында адамдар әлеуметтік желілерде «лама-полиция» тақырыбында хабар таратып үлгерді.

 

Мысық пен тасбақа қуаласпақ ойнады (видео)

YouTube-де жарық көрген видеода тасбақаның мамық жүнді серігінен қалмауға тырысқаны бейнеленген. Бұл ввидеоны бір жаарым ммиллион адам тамашалаған. 

 

0 пікір
Мұрағат