Геноцидті зерттейтін халықаралық институт құрылады
Геноцидті зерттейтін халықаралық институт құрылады
15 күн бұрын 680 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркияда геноцид пен адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарды зерттеумен айналысатын халықаралық институт құрылады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның аталмыш институтты Стамбұл университетінің ректотары жанынан құру туралы жарлығы ресми Resmi Gazete мерзімді басылымында жарияланды. Адамзаттың ең бір қилы кезеңдерімен байланысты тарихи оқиғалардың ақ-қарасын анықтауға, ақтаңдақтарды ашуға септігін тигізетін мұндай мәртебесі бөлек, маңызды институт әлемде алғаш рет ашылып отыр. Аталған институт мамандары түрік қоғамына және әлем қауымдастығына геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыстар туралы есебін ұсынатын болады. Түркия билігінің бұл шалымды қадамы өз кезегінде әлемдегі алпауыт державалардың өз пайдасына қарай тарихи оқиғаларға біржақты баға беруіне қарсы жауабы деп түсінуге болады. Осылайша айдай әлемге геноцид туралы барынша обьективті ақпаратты ұсына отырып, тарихи әрі бүгінгі саяси және әскери операциялардың құрбандарына қатысты деректің бұрмалануына жол бермейтін болады.

0 пікір
Мұрағат