Галогендік лампыға тыйым салынады
Галогендік лампыға тыйым салынады
10 күн бұрын 682 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі осы жылдың қыркүйек айынан бастап елде галогендікм лампы сауда-саттығына тыйым салады. Бұл жайында islam.kz порталы Tengrinews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара ең алдымен климат өзгерісімен күрестің бір тармағы ретінде қолға алынып отыр. Аталған елдің бизнес министрлігінің келтірген дерегіне қарағанда, бұл қадам өз кезегінде жылына көміртектің атмосфераға бөлінуін 1,26 млн тоннаға азайтады әрі электр энергиясын тұтынушыларға жылына 75 фунт стерлингті (шамамен 45 мың теңгені) үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, люминесцентті лампылардың саудасына да біртіндеп тосқауыл қойылатын болады. Осылайша ел тұрғындары энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін светодиодты лампыны жаппай қолдануға көшеді. Сарапшылардың есебінше, мұндай лампы саудасы 2030 жылға қарай барлық сатылған лампылардың 85 пайызына жетпек. Әзірге мұндай лампының саудасы шамамен екі пайызды ғана құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат