|
Еуропадағы ең шағын мемлекет ислами қаржы институтын дамытуға мүдделі
|
Еуропадағы ең шағын мемлекеттердің бірі – Лихтенштейн де ислам банкингін дамытуға мүдделі. Осы мақсатта үстіміздегі жылдың қазан айының 28-і күні арнайы жиын өтеді. Аталмыш шараға шариғат білгірлері, ислами қаржылай қызмет көрсету кеңесінің (IFSB) мүшелері қатысады. Бұл жайында MuslimEco ақпарат көзі хабар таратты. Лихтенштейн билігі ислами қаржы нарығының жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқандықтан осындай қадамға барып отыр. Сондай-ақ, бұл ел Ислами қаржылай қызмет көрсету кеңесіне кіру жолдарын қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта Лихтенштейн билігі елде ислами қаржы институттарын қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Дәлірегі, заңнамаға ислами қаржы секторын дамытудың алғышарты мен құқықтық негізін енгізуді жоспарлауда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды