Ұлыбритания тұрғыны өзіне өзі үйленді
Ұлыбритания тұрғыны өзіне өзі үйленді
10 жыл бұрын 4175

Батыс елдері бізге енді келіп жатқан гомосексуализмнен де жалықса керек, қазір олар өздеріне өздері үйлене бастады. Ұлыбританияның Грейс Гелдер есімді бойжеткені күні кеше өз-өзімен некелесіп, дүркіретіп той жасады.

The Guardian басылымына сілтеме жасаған nur.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Девон графтығында өткен салтанатты шараға 50-ден астам қонақ келген. Осыдан тура жарты жыл бұрын бойжеткен қалалық саябақта отырып, өзіне өзі сөз айтқан көрінеді.

Кейін бұл қиялын жүзеге асырмақ болып, қалыңдықтың көйлегі мен сақинасын да сатып алған. Ал, ата-анасы болса, қыздарының бұл әрекетіне түсіністікпен қараған екен.

Соңғы алты жыл көлемінде Гелдер ешқандай жігітпен көңіл жарастырмапты. Тіпті, «жігітпен танысудың өзі мен үшін үлкен проблема», дейді ол. Сондықтан, үйлену тойы өміріне өзгеріс алып келеді деп ойлаған.

Ал, көңілінен шығатын жігіт табылып жатса, Гелдер оған күйеуге шығуға дайын. Айта кетейік, өз-өзіне үйлену әлі ешқандай елде заңдастырылмаған.

1 пікір
  • Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық, аздырар адам баласын....
    10 жыл бұрын
Мұрағат