Cенімін ауыстыруға тыйым салынды
Cенімін ауыстыруға тыйым салынды
9 жыл бұрын 3027

Мьянма билігі сенімін ауыстырғысы, яғни, өзге дінге өткісі келетін ел тұрғындарының бұл талап-тілегін тиісті орындарға хабарлауын және арнайы комиссияның шешімін күтуін қарастыратын заң жобасын қабылдады. Сонымен қатар, депутаттар некеден тыс байланысқа тыйым салатын заңды мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың шілде айында бұл елде будда наным-сеніміндегі әйелдердің өзге дін өкілдеріне тұрмысқа шығуға тыйым салатын заңды қабылдаған еді. Алайда, ел билігінің бұл қадамы халықаралық құқық қорғау ұйымдары тарапынан қатаң сынға ұшыраған болатын. Ішінара алғанда, Human Rights Watch ұйымы билік тарапынан қабылданып кеткен аталмыш заңға «ультра-ұлттық» бағыттағы заң» деп баға берген еді. Тек баға беріп қана қоймай, Бирма (Мьянманың бұрынғы атауы – ред.) билігін елдегі әйелдер мен діни азшылықтың құқығына құрметпен қарауға шақырды. 

0 пікір
Мұрағат