Қара зере майы түрлі ауруға ем
Қара зере майы түрлі ауруға ем
9 жыл бұрын 19910

Қара зере өсімдік майының адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Бұл емдік шөпті бірнеше ғасырдан бері миллиондаған әлем тұрғындары салауатты өмір салтын сақтау үшін емге қолданып келеді. Соңғы жарты ғасырдан бастап қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Нәтижесі таңғаларлық. мұны клиникалық зерттеулер де дәлелдеп отыр. 1960 жылы Бангладеш елінің мамандары қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал, 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталды.

Қара зеренің, негізінен, дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады.

Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Зерттеуші медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В витаминдері, линолей қышқылы, олеин қышқылы, пальмитин қышқылы, эйкозен қышқылы, стеарин қышқылы, альфа-линолен қышқылы құрайды. Ол сондай-ақ нигелон семохиропинон немесе меланин секілді арнайы белсенді компоненттерге де ие.

Мамандар бұл өсімдікті жиі тұтыну қандағы холестеринді азайтып қоймай, ағзаны улы заттардан тазартатын қасиетке ие екенін айтады. Артрит пен бауыр ауруынан айықтырып, құрамындағы тимохинон қандағы глюкозаны азайтады.

0 пікір
Мұрағат