|
Австралия тұрғындары млрд ағаш отырғызады
|
Австралияда жаһандық жылыну мен оның салдарынан орын алған климаттық өзгеріске қарсы жалпы ұлттық науқан өтеді - бір миллиард ағаш отырғызылатын болды. Осылайша аталмыш ел Париж келісіміне өз үлестерін қоспақ. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Бұл ауқымды жоба 2050 жылға дейін созылады. Бұл бастама өз кезегінде 2030 жылға дейін 18 млн тонна парникті газды жоюға көмектеседі. Regional Forestry Hubs деп аталатын жоспар Австралияның экономикасына 16,4 миллиард доллар табыс әкелетін секторда жұмыс ұсынады. Бұл туралы аталмыш елдің премьер-министрі Скотт Моррисон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне мәлімдеді. Айта кетсек, Австралия әлемде орман алқабы бойынша жетінші орында тұр, олар аумақтың 17 пайызын алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)