Араб елі азаматына тұрмысқа шығатын қалыңдықтың да, сол елдің азаматына үйленгісі келетін күйеу жігіттің де өмірбаяны тексеріледі
Араб елі азаматына тұрмысқа шығатын қалыңдықтың да, сол елдің азаматына үйленгісі келетін күйеу жігіттің де өмірбаяны тексеріледі
3 жыл бұрын 3098 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Біріккен Араб Әмірлігінің азаматына тұрмысқа шыққысы келетін шетелдік қалыңдықтың да, сол елдің азаматына үйленгісі келетін күйеу жігіттің де өмірбаяны (автобиографиясы) мемлекет тарапынан қатаң тексерілетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің федералды ұлттық кеңес мүшесі Ахмет Абдулла әл-Шеһқи осындай бастама көтеріп отыр. Депутаттың айтуынша, бұл бастаманың мақсаты осы елдің азаматымен бас қосқысы келетін шетелдіктердің қандай да бір деструктивті немесе экстремистік ұйыммен немесе идеологиямын байланысын бар-жоғын анықтау арқылы ел аумағында күмәнді әрекеттерге тосқауыл саяды. Яғни, мемлекет қауіпсіздігіне байланысты осындай міндетті процедураны енгізудің қажеттілігін алға тартып отыр.Бұл шараны елдің қауіпсіздік қызметкерлері жүзеге асыруы тиіс. Осындай ұсыныс айтылған парламенттік жиын барысында балаларға қатал қараудың, соның ішінде олардың еңбегін пайдаланудың (қанаудың) немесе қандай да бір арам мақсатта пайдаланудың алдын алу үшін жазаны қатайту турасында да сөз болды. Бұдан бөлек, сау ұрпақ қамы үшін неке қидырар алдында тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық тест тәжірибесін қолданысқа енгізу жайы да қозғалды. Елдегі отбасы институтын нығайту үшін ерлі-зайыптыларға кеңес беретін орталықтардың қызметін лицензиялу ереже талаптарын өзгерту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Осы орайда кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында хабарлағанымыздай, 2020 жылдың қараша айында заңнамасына шариғи некесіз жұптарды, яғни, азаматтық некені қылмыс деп танымайтын түзету енгізілгенін айта кетпекпіз.

Ұқсас материал:

Саудиялық ерлерге 4 елдің әйелдерімен үйленуге тыйым салынды (https://islam.kz/kk/news/alem/saudiyalyq-erlerge-4-eldin-aielderimen-uilenuge-tyiym-salyndy-14998/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат