Әлеуметтік желі Қытайдың ауыл шаруашылығын көтере бастады
Әлеуметтік желі Қытайдың ауыл шаруашылығын көтере бастады
3 жыл бұрын 2544 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Peter / Reuters

Бүгінде пайдаланушылар қарасы бойынша 1,2 млрд адамға жеткен (ал бұл көрсеткіш ең танымал Facebook әлеуметтік желісінде күніне 1,8 млрд адамға жеткен) қытайдыңTikTok әлеуметтік желісіндегі аталған елдің шалғай түкпірлерінен жүргізілетін тікелей трансляция елдегі ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасын қыздырып жатыр. Дәлірегі, фермерлер осы заманғы озық технология жетістіктерін пайдалана отырып, тұтынушыларға өз өнімдерін ұсыну, ашықтықты қамтамасыз ету арқылы олардың сеніміне кіру есебінен толағай табыстарға қол жеткізуде. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Douyin (TikTok  аналогы, бұл екеуінде бір адам құрған) компаниясы өз есебінде қысқа қайырылатын видеолар мен интерактивті тікелей эфирлер қытай фермерлерінің табысын бір жыл ішінде 15 есеге арттырған. Мәселен, Юньнань провинциясының тумасы Жын Гуоуей (Jin Guowei) 2018 жылы белшеден қарызға батқан болатын, 2020 жылы аталған әлеуметтік желіде «Брат Гранат (Brother Pomegranate)» деген атпен тіркеліп, жеміс-жидегін 300 млн юанға (шамамен 4 млрд теңгеге) сатқан. Тіпті, ол бар-жоғы 20 минут ішінде анар жемісінің бір топтамасын 6 млн юанға сатқан. Ал Гуо Шеншен (Guo Chengcheng) есімді пайдаланушы WeChat қосымшасы арқылы күніне жүздеген тапсырыс алады. Оның TikTok-тағы жазылушыларының саны 2,5 млн адамға жеткен. Бір ғана тікелей транцляцияның өзінен 50 мыңға тарта тапсырыс алады. Ол айында осылайша кем дегенде он млн юанның саудасын жасайды. Олардың мұндай толағай жетістікке жетуіне пандемия көмектескен. Олар да жұқпалы індет кесірінен жұмысынан айырылып қалған 23 млн қытайдың қатарын толықтырып жүре беретін бе еді, егер қаладан ауылдық жерге қоныс аудармаса. Локдаун кезінде олар қарап жатпай осындай берекелі тірлікпен айналысады. Соңғы жылдары Қытайдағы ауыл шаруашылықтың қыр-сыры туралы айтатын блогерлердің айы оңынан туып тұр: 2019-2020 жылдары олардың жазылушылары алты есеге артқан. Бұған қалалық жерден жеріген қытай тұрғындарының табиғатқа етене араласуға деген талабы себеп болып отыр. Бұл турасында осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Қытайлар қаладан қашып жатыр...» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytailar-qaladan-qashyp-jatyr-15426/#gsc.tab=0) материалынан толығырақ біле аласыздар. Өнімнің егістік алқабында себілуі мен жиын*терініне дейін бақылай алады. Ал фермерлердің өнімін тұтынушыға JD Logistics немесе Alibaba компаниясының Cainiao секілді электронды сауда-саттық өкілдерінің логистикалық бөлімшелері жүзеге асырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат