Әйелдерге арналған шаштараз ашты
|
![Әйелдерге арналған шаштараз ашты](https://static.islam.kz/uploads/images/oR4/C85/1aGqUyWXSOsDBVrb-lg.jpg)
Мұсылман әйелдер әдетте шаштарын қидыру үшін түрлі қулыққа баруына тура келетін. Бөгде ер адамның көзіне түспес үшін. Мұсылман әйелдердің кейбіреуі ешкім бас сұқпайтын жабық бөлмеде шаштарын қидыруды жөн санаса, енді біреулері барлық шығынды өз қалтасынан төлеп, салонды уақытқа іштен жаптырып алатын еді. Міне, осындай қолайсыздықты Массачуетс штатындағы Кембридж қаласының тұрғыны, америкалық ақ жаулықты Зайна Құтұбуддин қалай шешті? Ол осы мақсатта өз салонын ашты. Онда мұсылман әйелдерге арналған бөлек бөлме бар. Ал Камбоджа мұсылманы Фарон Фарес та осындай салон ашқан болатын. Ол клиент тарту үшін жергілікті мешіттерге хабарландыру ілген екен. Бір қызығы, осы хабарламаны оқыған мұсылман әйелдері Құрбан айттың қарсаңында оның салонына ағылып келе бастаған.
![Саудия қажыларға менингитке қарсы екпе алуды міндеттейді](https://static.islam.kz/uploads/images/sWS/zv5/bPhiVzdR2qIh7SDd-sq.jpg)
![Американың мұсылман дәрігер әйелдері бір жолғы медициналық хижабқа көшуде (фото)](https://static.islam.kz/uploads/images/3Q1/5Tw/K8qRHLJf7e7nQIgV-sq.png)
![Қытай халқының саны бір жылда бір миллионнан астам адамға азайды](https://static.islam.kz/uploads/images/OzR/rR5/YlziyImqVF3GfLOO-sq.jpg)
![Түркияның жасырын ұшқышсыз ұшатын Anka-3 алғаш рет глиссадалық бомбаны тастады (видео)](https://static.islam.kz/uploads/images/r92/J4x/q2u91u9MOYvQPqHN-sq.jpg)
![Қазақстанда алғашқы шариғи индекстік қорының акцияларымен сауда ашылды](https://static.islam.kz/uploads/images/C5z/T7M/J6r40qHJ8mHfOf5k-sq.png)