Атырауда азаншылар сайысы өтті
Атырауда азаншылар сайысы өтті
10 жыл бұрын 4596

Қарашаның 10-жұлдызы күні "Иманғали" орталық мешітінде облыстық  азаншылар сайысы өтті. Қала және облыс аумағындағы мешіттерде қызмет жасайтын  діни қызметкерлерден 15 азамат іріктеліп, өзара сайысқа түсті. Алдымен сөз алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров дінімізде азанның алар орны ерекше екеніне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әуезді әуен аясында азан бірінен соң бірі жалғасты.

Жарыстың әділқазылары ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы  дінтанушы, теолог Қанат Жұмағұл, «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов қатысушылардың даусына, әріптердің шығуына және шығу тарихына аса мән беріп, жарыс соңында өз бағаларын берді. Нәтижесінде, үш жеңімпаз әділқазылар бағасымен анықталды.

Атап айтқанда, 1-орынды Жылыой ауаны, Құлсары қаласы "Жылыой мұсылмандары" мешітінің наиб имамы Ержан Иманғалиев (30 000 теңге), 2-орынды қалалық "Әт-Тақуа" мешітінің наиб имамы Талғат Сидалиев (25 000 теңге) алса, 3-орынды қалалық "Құспан молла" мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев (15 000 теңге) иелік етті. 

Аталған жүлде иегерлері алдағы айда Алматы қаласында өтетін Республикалық азаншылар жарысына қатысып, өздерінің бағын сынайтын болды.

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір
Мұрағат