|
Исламға шақыру үшін маркетингтік әдісті қолданудың еш сөкеттігі жоқ
|
Индонезияда белсенді мұсылман ақ жаулықтылары батыстың ықпалымен күресу мақсатында сән қуған мұсылмандар үшін шариғат шәлісіне сай өндірілген тауарлардың жарнамасын жолға қоюды көздеп отыр. Мәселен, 37 жастағы Ристи Рахмади бұрын шариғат шәлісін жамылып көрген емес, бетіне опа-далап жақпай үйден шықпайтын, батыстық сән үлгілерін жібермейтін. Жуырда ол басына шариғат шәлісін жамылып, дін талаптарын сақтай отырып, киінгенде де осы заманғы сән үлгілерін пайдаланады. Оның айтуынша, дінге шақыру үшін маркетингтік әдіс-тәсілдерді пайдаланудың еш сөкеттігі жоқ. Ол мұнымен ғана тоқтап қалмай, шариғат талаптарынан аттамайтын кәсіпкер әйелдердің басын біріктіруді мақсат етіп, «Хиджаберы» деп аталатын іскер әйелдер қауымдастығын құрды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Түркі елі балгерлік пен оккультты қызмет жарнамасына тыйым салды
■
Бір ғана елдің өзі жылына пробиркіде 450 тонна құс етін өсіре алатын деңгейге жеткен