|
Әйелдер арасында Құран оқудан байқау өтеді
|
Үстіміздегі жылдың, яғни, 2015 жылдың мамыр айының 30-ы күні Киев қаласында ақ жаулықтылар арасында қасиетті Құран оқудан байқау өтеді. Тағылымды шараны әйелдердің «Мәриям» атты қоғамдық ұйымы ұйымдастырады. Украина астанасында өтетін аталмыш шара мынадай санаттар бойынша жүргізіледі: араб тілділер үшін «Таһа» сүресі (№20), 12 жасқа дейінгі балалар арасында араб тіліндегі еместер үшін (1-ші деңгей) – «Хабар» сүресі (№78), «Түтін» сүресі (№ 44) екінші деңгей үшін және «Ибрагим» сүресі (№ 14) үшінші деңгей үшін. Байқауға қатысу үшін Киевтегі Ислам мәдени орталығындағы «Мәриям» әйелдерді дамыту орталығының әкімшілігіне сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін алдын ала хабарласып, тіркелуі тиіс.ъ

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін
■
Аса қажеті жоқ бұйымдарды сатып алудан (көрсеқызарлықтан) тыятын қолданба пайда болды
■
Бионикалық қолды сүйекке және жүйке жүйесіне жалғады
■
Екі саусақ санына жетпейтін жылдарда мұсылмандар қарасы христиандар санынан асып түседі