Үнді храмында екі адам жай отынан жайрап қалды
Үнді храмында екі адам жай отынан жайрап қалды
9 жыл бұрын 2999

Малайзияның солтүстік-батысындағы үнді храмында екі адамды жай оты жайратып салды. Бұл жайында New Straits Time ақпарат көзі хабар таратты. Бұл жайт Пинанг (Пенанг) аралында орын тепкен Бату-Каван (Batu Kawan) қаласында орын алды. Құрылысы әлі бітпеген храмға бірнеше адам жауыннан қашып бас сұққан болатын. Найзағайдан бизнесмен мен жергілікті зауыттың жұмысшысы қаза тапқан. Тағы төрт адам жарақат алған. Олар ауруханаға жатқызылды. Біреуінің жағдайы аса ауыр. Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын Танзияда да осындай оқыс оқиға орын алғанын, нөсерден қашып мектепті паналаған оқушыларды жай оты соғып, төрт оқушы мен бір мұғалімнің опат болғанын және 17 оқушының жарақат алғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, 2013 жылдың соңында Малави астанасындағы «жетінші күн адвенистері» шіркеуінде де жамағатқа жай түскенін хабарлаған болатынбыз.

0 пікір
Мұрағат