АҚШ-та алғаш рет шариғат шәлісін жамылған диктор әйел пайда болады
АҚШ-та алғаш рет шариғат шәлісін жамылған диктор әйел пайда болады
9 жыл бұрын 2896

Тегі ливиялық америкалық мұсылман әйелі АҚШ теледидарында алғаш рет шариғат шәлісін жамылған диктор әйел ретінде тарихта аты қалатын болды. Мэриленд штатының 21 жастағы тұрғыны Нұр Тағұри журналистика факультетін тәмамдаған. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. «Мен тілші болуды армандап өстім. Ешуақытта шариғат шәлісін жамыламын деп ойламаппын. Шариғат шәлісін жамылған соң да тілші болуды армандағанымды қойған емеспін. Шариғат шәлісін жамылдым екен деп күдерімді үзген емеспін», - деді ол ағынан ақтарылып. CBS Radio-ның пиар-директоры Джастин Лав оның бұл талпынысы мен талабын бағалап, осыдан 3 жыл бұрын шәкіртақы тағайындап, тәжірибеден өтуіне жағдай жасады. Біздің кейіпкеріміз содан бері өзі таңдаған жолмен келе жатыр. Бір қызығы, ол шәкіртақы алмас бұрын истиһара намазын оқып, Алладан тілегін жалбарына сұраған екен.

0 пікір
Мұрағат