Адамзатқа ауызсу тапшылығының қатері төніп келеді
Адамзатқа ауызсу тапшылығының қатері төніп келеді
3 жыл бұрын 2220 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша жаһандық жылынуға байланысты мұздақтардың еруі жылдан жылға қарқын алып келеді. Осыған байланысты адамзат таяу болашақта ауызсу тапшылығын тартады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Францияның геологиялық ғылым институты мен Дармут колледжі келтірген дерекке жөн сілтеген  Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы заманғы озық технологиясымен жабдықталған спутниктың көмегімен алынған мәлімет бойынша ғалымдар алғаш рет 250 мыңнан аса тау мұздағының қалыңдығы мен жылжу аумағын өлшеп көрді. Ғалымдар бұл тарапта жасанды жер серігі түсірген, 2017-2018 жылдар аралығында мұздақпен қапталған жердің 98 пайызын қамтитын 812 фото-суретін сараптамадан өткізген екен. Осылайша ғалымдар мұздақ ауқымын анықтап, тұшшы су қорының қаншалықты мөлшерде екенін бағалай алған. Тұшшы су тұрмыстық әрі ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланатылатындықтан адамзат санының көбеюіне байланысты ауызсуға сұраныс соңғы жыдары күрт артып келеді. Бұл бір жағынан тың жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану себебінен де орын алып отыр. Бұрынғы есепке қарағанда Гималайда мұздың мөлшері 37 пайызға көп болып шыққан.  Аталған тау сілемдерінен ағып келетін Инд және Шенаб өзен арналарыда сегіз млн адам тұрады. Гималайдағы Брахмапутра өзен бассейнінде мұздақтан пайда болатын су қоры да 30-87 пайызға көп болып шыққан. Бұл – аталған аймақ үшін жақсы жаңалық. Бір өкініштісі – мұндай жеткілікті су қоры тек Гималайда ғана бар. Ал планетаның өзге өңірлерінде мұздақтар ұқарып кеткен. Осыған байланысты тұшшы су қоры да азайып барады. Мәселен, Оңтүстік америка құрлығындағы Анд тауындағы мұздақ 27 пайызға жетпейді. Ал Эверест тауындағы мұздақ жылына екі метрге жұқарады. Эверест мұздағы, тіпті, қыс мезгілінде де еріп жатыр. 

Ұқсас материалдар:

«Енді бір жиырма жылдан кейін әлемдегі қай елдер ауыз су тапшылығын тартады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/endi-bir-jiyrma-jyldan-keiin-alemdegi-qai-elder-auyz-su-tapshylygyn-tartady-7778/#gsc.tab=0);

«Сегіз жылдан соң әлемдегі су тапшылығы 40%-ға жетеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/segiz-jyldan-son-alemdegi-su-tapshylygy-40-ga-jetedi-14991/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорларының орын ауыстыруы» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-tushshy-su-qorlarynyn-oryn-auystyruy-video-10239/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-tushshy-su-qoryna-qauip-tonip-tur-15178/#gsc.tab=0);

«Тұшшы суға қауіп төнді» (https://islam.kz/kk/news/alem/tushshy-suga-qauip-tondi-15320/#gsc.tab=0);

«30 минуттың ішінде тұзды суды тұшшы суға айналдыратын технология жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/30-minuttyn-ishinde-tuzdy-sudy-tushshy-suga-ainaldyratyn-tehnologiya-jasaldy-14149/#gsc.tab=0);

«Ауызсу алудың табиғи сүзгісі – ағаш сүзгі патогендерді залалсыздандырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/auyzsu-aludyn-tabigi-suzgisi-agash-suzgi-patogenderdi-zalalsyzdandyrady-15014/#gsc.tab=0);

«Су тапшылығының алдын алудың өзгеше тәсілі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/su-tapshylygynyn-aldyn-aludyn-ozgeshe-tasili-15973/#gsc.tab=0);

«Сауд Арабиясы мен Мысыр тұшшы су үшін соғысуы мүмкін бе?» (https://islam.kz/kk/news/alem/saud-arabiyasy-men-mysyr-tushshy-su-ushin-sogysuy-mumkin-be-8030/#gsc.tab=0);

«Күніне 205 мың текше метр тұшшы су өндіріледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/kunine-205-myn-tekshe-metr-tushshy-su-ondiriledi-12784/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат