Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр
Әлем бойынша тұшшы су қорына қауіп төніп тұр
3 жыл бұрын 3297 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Тұздың қоршаған ортаны ластауы (қыстың көзі қырауда жолдағы мұздың еруі үшін тұздың себілуі, ауыл шаруашылық тығайтқышы ретінде пайдаланылуы немесе өзге де өндірістік, т.б. мақсаттарда қолданылуы) күллі әлемдегі тұшшы су қорына қауіп төндіретін улы химиялық қосындылардың бөлінуіне алып келуде. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Biogeochemistry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қоршаған ортаға тап болған тұз топырақ құрамындағы және жер бетіндегі материалдармен өзара әрекеттесіп, төңірегіне химиялық қосындылардың неше түрін бөлетіні белгілі болып отыр. Мұның нәтижесінде адам өмірі мен денсаулығына қатерлі жайттарға жол ашылады: ауызсудың ластануы, ауыл шаруашылық өнімдері мен жабайы табиғаттың бүлінуі және экологиялық жүйенің тепе-теңдігінің бұзылуы секілді ауыр салдарымен зардабын тигізбек. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, тұздың антропогендік көздеріне қатысты рационалды басқару әрі пайдалану стратегиялық шаралар қабылданбаса, әлемдегі тұшшы су қоры пайдалануға жарамсыз болып қалмақ. Ғалымдар әлемнің әртүкпіріндегі тұшшы сулар мониторингісіне қатысты мәліметтерді салыстырып, сараптап көрген екен. Ғалымдар барлық тұшшы су көздерінде хлоридтің түрлі мөлшердегі концентрациясын анықтады. Ион хлориды көптеген тұз түрлерінің құрамында кездеседі, соның ішінде қыста көшедегі мұзды еріту үшін қолданылатын кальция хлориді мен натрия хлоридінде де (ас тұзы) кездеседі. Сондай-ақ, тұшшы суды жол төсегенде, көпір салғанда, ғимарат тұрғызғанда қолданылатын әк пен бетон немесе гипс те тұшшы суды ластаушылардың бірінен саналады. Құрамында акатионы кездесетін тыңайтқыштар ауыл шаруашылық егістіктерінне тұздың тап болуына себеп болып отыр. Бұл айтылғандардын бөлек, теңіз деңгейінің көтерілуі де оның тұзды суының тұшшы суға тап болу қатерін арттырып отыр.

0 пікір
Мұрағат