Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
23 күн бұрын 731 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сапалы қарым-қатынас адамның психикасына оң әсерін тигізеді. Алайда, нашар қатынас психикаға жалғыз қалғаннан да ауыр тиеді. Бұл жайында islam.kz порталы Personality and Individual Differences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құдыстағы Еврей университеті мен Никоси жоғарғы оқу орнының ғалымдары бұл тараптағы зерттеуге өз еркімен қатысқан адамдардың өмірін бірнеше жыл бойы бақылаған екен. Арасында олардың стресс деңгейін, ұйқы режимін, капаланған сәттерін, әлеуметтік жағдайын, т.б. факторларды ескеріп, өзгерістерді тіркеп отырды. Зерттеуге қатысқандар арасында ажырасқандары да, үйленгендері де немесе жалғыз қалғандары да болды. Зерттеу нәтижесі осы уақытқа дейін қалыптасқан жаңсақ түсінікті жоққа шығарды. Адамға жалғыздықтан гөрі қиын қатынастың ауыр тиетіні анықталған. Қиын қатынас созылмалы стреске ұласып, күйзеліс қатерін арттырған. Ал қиын қатынастан құтылып, жалғыз қалғандардың бойынан жағымды өзгерістер байқалған. Олардың психикалық жай-күйі қалыпқа түскен. Осындай нәтжеге байланысты ғалымдар жалғыздықтың әлеуметтік сәтсіздіктің белгісі емес екенін мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат