|
Адам басты қозы төлдеді
|
Дағыстанның Ширкей ауылдық елді-мекенінде адам басты қозы төлдеді. Бұл жайындағы видео YouTube-де Odinokiy Chechenec деген бүркеншек есімді ғаламтор пайдаланушының видеохостингісінде жарияланды. "Звезда" телеарнасының хабарлауынша, біртүрлі жаратылыстың түр-әлпеті мал дәрігерлерінің жанын түршіктірген. Қозының танауын, иегін айтпаған күннің өзінде, оның ерні де адамдікіне ұқсаған. Ғалымдар мұның сырын түсіндіріп бере алар емес. Шындыққа жанасады-ау деген мынадай жорамал да айтылмай қалмады: оның енесіне берілген жемнің құрамында А дәрумені шектен тыс мөлшерде болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды