Денсаулық: 8 сағаттан артық ұйықтайтын адамдар аз өмір сүреді
Денсаулық: 8 сағаттан артық ұйықтайтын адамдар аз өмір сүреді
9 жыл бұрын 3887

Ғалымдар жүргізген жаңа зерттеулер тәулігіне сегіз сағаттан артық уақыт ұйықтайтын ересектердің өмірмен ертерек қош айтысатынын көрсеткен. Бұл жайында nur.kz сайты The Telegraph ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Зерттеу мәліметтерінше, сондай-ақ, тәулігіне алты сағаттан кем ұйықтайтын адамдардың ғұмыры да тәулігіне жеті сағат ұйықтайтындардан қысқа болады екен.

Сонымен, дәрігерлер ересек адам күніне жеті сағаттан сегіз сағатқа дейін ұйықтауы тиіс деген тоқтамға келіп отыр. Он жыл бойы сарапшылар миллиондаған адамдарға олардың ұйқыға жұмсаған уақыттарына қатысты сауалдар қойып келген.

Соның нәтижесінде ұзақ уақыт ұйықтайтын адамдардың күйзеліске, қант диабетіне және жүрек ауруларына ұшырайтыны дәлелденген.

Уорикс университетінің жүрек-қан тамыры аурулары бойынша маманы Франко Каппучионың айтуынша, ұйқыға көбірек уақытын бөлетін жандардың ажал құшу ықтималдығы тәулігіне жеті сағат ұйықтайтындармен салыстырғанда, 30%-ға жоғары көрінеді.

1 пікір
  • Аяғы іскенше намаз оқитын Пайғамбардың, көзі іскенше ұйықтайтын үмбетіміз...
    9 жыл бұрын
Мұрағат