"Қанатты" көліктер 2017 жылы сатылымға шығады (видео)
"Қанатты" көліктер 2017 жылы сатылымға шығады (видео)
10 жыл бұрын 4377

Алғашқы ұшатын көліктер 2017 жылы сатылымға шығарылады. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі AeroMobil компаниясының бас директоры Юрай Вацуликке сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Аэромобильді құрастыру жұмыстары 1989 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл көлік кәдімгі жолда да жүре алады, әуеде де ұша алады, оған кәдімгі жанармай құйылады.

Ол сағатына 200 шақырым қашықтықты бағындыратын болады, деп күтілуде, деп жазады Naked Science. Бұл көлік тек тегіс жазықтықтан ғана емес, шөп үстінен де ұшырыла алады.

Демек, аэромобиль жүргізушісінің сертификатталған ұшқыш болуы да талап етіледі. Алғашқы аэромобиль екі орындық болады және парашютпен жарақталады. Әзірге оның құны құпия сақталып отыр.

 

Автокөлік апатынан әзер дегенде аман қалды (видео)

Алдыңғы өткен жексенбіде Өскемен қаласының Бажов пен Гоголь көшелерінің қиылысында апатқа ұшыраған автокөлік жаяу жүргіншіні бетон дуалға «жапсыра» жаздады. Гоголь көшесімен қозғалған автокөлік жүргізушісі соңғы сәтте жасыл жанып тұрғанда өтіп кетпек болған, алайда, қатты жылдамдықтан жаяу жүргіншілер өтетін тұстағы бетон дуалға барып соғылған. Бұл уақытта енді болмағанда машина қағып кете жаздаған ер адам бір шетке ырғып үлгереді.

 

Британиялық әйел 14 жылдан бері көлік айдауды үйрене алмай жүр

Британиялық Жанин Марс темір тұлпарды тізгіндеуді үйрену үшін 7 жарым мың АҚШ долларын жұмсап, жалпы саны 250 сабақ алған.

Бірақ ол машықтануды бастаған сәттен бері 14 жыл бойы тиісті емтиханды тапсыра алмай келеді. "Бір күнікөлік жүргізуді мен де үйреніп аламын. Тек рульге отырған кезде бірнеше әрекетті бір мезетте орындау керек болғандықтан, шатасып қала беремін. Себебі, көлік өздігінен жүрмейді ғой", - дейді жүргізуші көлігін алудан әлі де болса үміткер Жанин Марс.

0 пікір
Мұрағат